Біз өзіміз ұйқыда ма жоқ па екенімізді білмейміз. Адам тек біздің дүниені ғана түйсінсе, ол жалпы ұйқыда деп саналады, өйткені тіпті біздің әлемде біз барлығын салыстыру арқылы қабылдаймыз: жарық–қараңғылық, тәтті–ащы – барлығы тек екі қарсы сезімнің салыстырылуында, қайшылығы туындағанда. Солардың шегінде біз түйсінеміз. Біз тек біреуін екіншісінсіз сезіне алмаймыз.
Өзіміздікінен басқа әлемді сезінбейінше біз анық өмір сүріп жүрмізбе,жоқ әлде ұйқыдағыдай күйде, сомнамбулизм жағдайында екенімізді біле алмаймыз, сонымен біз қазір өмір сүріп жүрміз бе, ұйқыдамыз ба – түсініксіз.
Егер біз тұрсақ, сонда ғана біз ұйқыда болғанымызды ұғамыз. Ол үшін біз әлемді сезінудің басқа деңгейіне, басқа өлшемге шығып, екі деңгейді салыстыра отырып, ол екеу де ең жетілген емес екенін түсінуіміз керек. Біз өзіміздің тіршілігімізді дәл осы салыстыруда, екі деңгейдің біріккен жерінде табамыз.



























