Біз барлығымыз мүлде қуыршақпыз. Қуыршақ ойнатушы – табиғаттың ең жоғарғы күші болып табылады. Оның жалпы заңы – жаралғандарды жаратылған сәттен бастап өзара толық үйлесімдікке жеткізу. Ал біздің еркіндігіміз Табиғаттың түпкі ойын түсінуде, абсолютті тепе–теңдікке, оның барлық бөліктері арасында абсолютті теңдікке жетуде болмақ, бір денедегі сияқты абсолютті үйлесімділікке.
Егер біз сол түпкі ойды ұғынсақ және өзіміз де оған жеткіміз келсе, онда осының өзі біздің еркіміздің еркіндігі болмақ. Ол үшін жәй әншейін өзіміз мекен еткен дүниені және біз, адамдар ретінде, нақ біз – біздің қоғам, оған қаншалықты қарама–қарсы екенімізді түсіну қажет.
Егер біз өзіміз сол мақсатқа талпынсақ, онда әртүрлі тағдыр соққыларының және дағдарыстардың түртпектеуші әрекетін қажет етпейміз және оған қарай мейірімді ықыласымызбен талпынамыз. Онда, әрине, даму жолымыз жағымды және жылдам.



























