Адам соны білгісі келетін даму сатысына келеді, ол осы өмір бойында құр әншейін өзін өзі қамтамасыз ету – жәй жануарлық тіршілік шегінен өсіп кетеді. Жалпы осы тіршіліктің мағынасы не екенін, ол әлденеде бар ма, жоқ па екенін білу оған білу қызықты. Бүгінгі күні осы сұраққа жауаптың болмауы адамдарды депрессияларға, есірткіге, лаңкестікке, неге болса да алып келеді.
Түптеп келгенде біз не үшін тіршілік етеміз деген – бұл біздің түйсіксіз сұрағымыз болып табылады. Егер адамдар білсе, біздің деңгейде әлемді өзгертуге талпынбас еді. Өзіміздің әлем деңгейінде біз адамзат тарихы бойында біздің дүниені өзгерту мүмкін еместігін, олай тырысқанымыз бәрібір көңіліміздің қалуына әкеп соқтыратынына көзіміз жетті.
Ал біздің дүние шегінен шығу, оның басқарушы күштерін арттан көру, сол басқару жүйесіне кіру, әрине осы адамды оның бір қалыптылығынан жоғарылатады. Бастысы біз алдағы уақытта қалай өмір сүруді біліп аламыз. Ал әрбір күн басқа мағынамен толтырылады, Табиғат неге сізді осындай жағдайға душар еткенінің қажеттілігін сезіне бастайсыз. Тіршілігіңіздің әр минуты сайын Ең жоғарғы Құндылықты іздеп таба аласыз.



























